Сіз ғылымға әрдайым шын жүректен құштар болып, ғылым жолында еңбектендіңіз – міне, соның лайықты жемісіне қол жеткіздіңіз!

Құрметті Мөлдір Оралхановна! Сізді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Бұл маңызды жетістік – сіздің табандылығыңыздың, ғылымға деген адалдығыңыздың және терең біліміңіздің нәтижесі.

 

Сізге сарқылмас жігер, жаңа шығармашылық идеялар мен олардың сәтті жүзеге асуын, сондай-ақ таңдаған жолыңызда амандық, зор денсаулық пен мол бақыт тілейміз! Бұл көптен күткен әрі аңсаған қуанышқа жету үшін сіз мол күш, уақыт пен еңбек жұмсадыңыз.

 

Мөлдір Оралхановна Түркия Республикасындағы Гази университетінің Білім ғылымдары институтында «Философиялық пәндер» бағыты бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие болды. Бұл – жеке жетістік қана емес, сонымен қатар еліміздің және «Туран» университетінің ғылымына қосылған үлкен үлес.

 

Мөлдір Оралхановнаға ғылым жолында толағай табыстар, үздіксіз даму мен кәсіби биіктер тілейміз!

Online қабылдау