3 қыркүйекте «Тұран» университетінің студенттері мен түлектері Apple City Corps компаниясымен бірлескен онлайн-митапқа қатысты.
Іс-шараның спикері Орталық Азиядағы ірі FMCG дистрибьюторы Apple City Corps компаниясының Жоспарлау және болжау департаментінің басқарушы директоры Зарина Абдулина болды.
Митап барысында студенттер мен барлық қатысушылар FMCG саласында дата-мамандарына қажетті дағдылар және аналитиканың Apple City Corps жұмысында қалай қолданылатыны туралы білді. Зарина Абдулина өз компанияларындағы аналитиктер үшін мансаптық мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, кездесуді қызықты әрі өнімді өткізді. Мұндай іс-шаралар студенттерге салалық сарапшылардан өзекті білім алуға және теориялық білімнің іс жүзінде қалай қолданылатынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
«Тұран» университетінің Мансап және көшбасшылық орталығы онлайн-митап үшін Зарина Абдулинаға алғысын білдіреді.