«Тұран» университетінің «Үздік ғалымы – 2025» байқауы

«Тұран» университетінің «Үздік ғалымы – 2025» байқауының жеңімпаздары

28 тамыз күні «Тұран» университетінде «Үздік ғалым – 2025» байқауының қорытындысы бойынша үздік ғалымдар марапатталды.

Байқау нәтижесінде келесі ғалымдар жүлделі орындарға ие болды:

  • І дәрежелі диплом – экономика ғылымдарының докторы, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің профессоры Байтенова Лаура Маратовна;

  • ІІ дәрежелі диплом – PhD докторы, «Психология» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессор-зерттеушісі Тұрғымбаева Айжан Маратовна;

  • ІІІ дәрежелі диплом – PhD докторы, «Халықаралық қатынастар және дипломатия» жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі Нұров Мархаббат Мешітбекұлы.

Барлық қатысушыларды байқаудың аяқталуымен құттықтаймыз! Жеңімпаздарға ғылыми әрі кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз.

Online қабылдау