Тұран университетінің жаңашыл профессоры, заң ғылымдарының докторы Сүлейманов Акиф Фирудинович Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мерейтойлық медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға, азаматтық қоғамды нығайтуға және білім беру саласын жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін «Тұран» университетінің профессор-новаторы, заң ғылымдарының докторы, доцент Сулейманов Акиф Фирудиновичті «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Бұл жоғары мемлекеттік награда – тек бір ғалымның ғана емес, жалпы отандық заң ғылымының, құқықтық білім берудің мәртебесін айқындайтын айтулы оқиға. Акиф Фирудинович өзінің сан қырлы еңбегімен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық реформалардың ғылыми-теориялық негізделуіне зор үлес қосты.
«Тұран» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері құрметті әріптесін шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық, жаңа ғылыми табыстар және шығармашылық шабыт тілейді.