2025 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР Зоология институтының Орнитология и герпетология лабораториясының меңгеруші міндетін атқарушы Бекжан Талғатұлы Бердіқұловтың қонақ дәрісі өтті. Ол 231 (4) және 241(3) (т.ғ. к. Файзуллина Г. Ш.) тобының «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Өлкетану және музейтану» пәні аясында «Құстарды Зоофенологиялық бақылаулардың бөлігі ретінде зерттеу» тақырыбында дәріс оқыды.
Студенттер мониторингтің заманауи әдістерін білді: оның ішінде GPS/GSM трекиң (қоңыр кептер мен басқа түрлерді бақылау). Содан кейін классикалық әдіс құстарды сақиналау және азаматтық ғылым туралы білді. Сонымен қатар құстардың миграция жолдарын нақтылау үшін генетикалық зерттеулер мен қауырсындардың изотоптық талдауы туралы айтылды. Қалалық құстар қауымдастығы да талқыланды: жергілікті торғайлар неге жоғалып кетті және бұл урбанизацияға қалай байланысты екендігі айтылды.
Бекжан Талғатұлы студенттерге және барлық мүдделі адамдарға орнитологиялық әдістерді практикалық игеру үшін бейіндік конкурстарға, фестивальдерге және citizen-science бастамаларына (оның ішінде Іле өзеніндегі BerdFest сияқты) қатысуға кеңес берді. Сонымен қатар, Шақпақ орнитологиялық станциясында құстарға санақ жүргізу үшін еріктілерді шақыратыны айтылды (миграцияны бақылау, сақиналау, далалық тренингтер). Сондай-ақ, Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктерін тереңірек түсіну үшін күзгі және көктемгі кезеңдегі экскурсияларға шақырды. Ол ғалымдар мен турбизнес өкілдерінің тығыз ынтымақтастығы ғана елеулі нәтижеге әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Өз бетінше тәжірибе алу және азаматтық ғылымға қатысу үшін студенттерге түрлі онлайн ресурстары ұсынылды: kz.birding.day, ebird.org, inaturalist.com және одан да маңыздысы, жануарлар дүниесін зерттеуге қатысып, оның әртүрлілігін зерттеуге өз үлесін қосуы мүмкін.