«Тұран» университеті мен Алматы ТЖД ынтымақтастық туралы стратегиялық меморандумға қол қойды

2025 жылғы 11 қыркүйегінде «Тұран» университетінде «Тұран» университеті және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті Мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім ұзақ мерзімді серіктестікті, бірлескен білім беру, ғылыми және практикалық жобаларды дамытуға, сондай-ақ студенттердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға бағытталған. Ынтымақтастық тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу және ғылым мен практиканың өзара іс-қимылын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Online қабылдау