Туран университетінің студенттері Қазақстан альпинизмінің 95 жылдығына орай Алматы шыңына (4376 м) көтерілді
2025 жылғы 6–7 шілде күндері Қазақстан альпинизмінің 95 жылдығына арналған дәстүрлі альпиниада өтті.
Бұл шараға «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері — 3-курс студенті Белоусов Александр мен 1-курс студенті Калинина Виктория қатысты.
Олар қазақстандық альпинистер үшін маңызды шың — Алматы шыңына (бұрынғы Комсомол шыңы, кейін Нұрсұлтан шыңы деп аталған) көтерілді. Бұл шың — аймақтағы альпинизм тарихының және дамуының символы болып табылады.
5 шілде күні студенттер Медеу – Нунатак бағытымен Богданович мұздығы арқылы сапарға шықты. 3500 метр биіктікте қатысушылардың шатырлы лагері орналасты.
6 шілде күні таңғы сағат 3:00-де альпинистердің шамдары жарқырап, шыңға шығуға дайындық басталды. Сағат 7:00-де, 500 метр биіктікке көтерілген соң, қатысушылар асуға жетті. Бұл жерде техникалық бөлім басталды — каска мен сақтандыру құрылғыларын кию қажет болды. Шыңға дейін 376 метр биіктік қалған еді.
Сағат 10:20-да біздің студенттер шыңға жетті.
Алматы қаласының Альпинизм федерациясына және Алматы қаласындағы Альпинизм мектебіне осы іс-шараны ұйымдастырғаны, волонтерлердің еңбегі және альпиниаданы өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл шара белсенді демалысты насихаттап, альпинизмнің дамуына ықпал етеді.