2025 жылдың 11 қыркүйегінде университет қабырғасында Turan Film Academy студенттерінің ҚР еңбек сіңірген әртісі, актер және педагог Асанәлі Әшімовпен шығармашылық кездесуі өтті. Іс-шара аясында “Актермын мен, мың өліп, мың тірілген” атты кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ белгілі мәдениет қайраткерлері Қали Сәрсенбай, Азамат Сатыбалды, Айнұр Бермұхамбетова және т.б. баяндамаларымен сөз сөйледі. Іс-шара А.Әшімұлының барлық қонақтар мен студенттерге берілген батасымен аяқталды.