Turan Film Academy жоғары мектебі AV & Media Central Asia 2025 халықаралық аудиовизуалды технологиялар конференциясы мен көрмесін өткізеді

2-3 қазанда Алматыда, Turan университетінде AV & Media Central Asia 2025 аудиовизуалды технологиялар халықаралық көрме-конференциясы өтеді.

 

Бұл бірегей шара Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қытай және т.б. Жібек жолы өңірі елдерінің өкілдерін біріктіреді.

 

 

Көрме аясында келесі бағдарламадан тұратын конференция өтеді:

 

  • Жетекші компаниялардың модераторлары, техникалық директорларының қатысуымен гибридті дөңгелек үстелдер.
  • Телерадио хабарларын тарату және Pro AV саласындағы жаңа технологияларды енгізу бойынша тақырыптық мастер-класстар.
  • Киноиндустрия саласындағы түсірілім жабдықтары, пост-продакшн және контентті тарату трендтеріне арналған сессиялар.
  • OTT платформаларын, IP технологияларын, бұлтты шешімдерді және мазмұнды монетизациялауды қамтитын телекоммуникациялық панельдік пікірталастар.
  • EGames & Esports: киберспорт трансляцияларымен байланысты технологияларын талқылау, ойын индустриясында AR/VR шешімдерін дамыту және сапалы ойын контентін құру және тарату.

 

 

Ұйымдастырушы: TKT1957 журналы

 

Бас серіктес: TRACT Asia, Қазақстан

 

Бас демеуші: Lawo GmbH, Германия

 

Серіктестер: Evertz, Synamedia, Cinamo Technology, Lawo, “Бродвью Рашша”, СофтЛаб-НСК, ArtParovoz, Turan университеті (шараны ұйымдастыру бойынша Turan Film Academy ЖМ белсенді қатысуымен)

 

Трансляцияны ұйымдастырушы – ArtParovoz

 

Өтетін орны: Turan университеті, Сәтбаев к-сі, 16а (Желтоқсан даңғылының бұрышы, ғимаратқа кіру Сәтбаев к-сі жағынан).

Online қабылдау