«Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебі жанындағы Регионалдық зерттеулер орталығының қызметкерлері профессор Камалов Аблет Каюмович және профессор Торланбаева Кенже Ускенбаевна 2025 ж. 12 қыркүйекте Алматы қ. Достық үйінде өткен жетітомдық «Ежелгіден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» еңбегінің Редакциялық алқасының отырысына қатысты.
Отырыс күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Қазақстан тарихының көне түркі кезеңіне арналған еңбектің 2-томын баспаға бекіту және Алтын Орда тарихына арналған 3-томының мазмұнын талқылау. Бұл мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық академиясының академигі Кумеков Булат Ешмухамедович және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Кушкумбаев Айболат Кайрслямович баяндама жасады.
Редакциялық алқа отырысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Карин Ерлан Тынымбайұлы төрағалық етті. Жиын жұмысына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат және ҚР Мәжілісінің депутаты Айдос Сырым қатысты.
Редакциялық алқа мүшелері бірауыздан «Қазақстан тарихының» 2-томын (академик Кумеков Б.Е. жалпы редакциясымен) баспаға бекітті. «Ежелгіден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының» 2-томының авторлық ұжымына «Тұран» университетінің Регионалдық зерттеулер орталығының қызметкерлері Камалов А.К. және Торланбаева К.У. кіріп, аталған томның Редакциялық алқасының мүшелері болып табылады.