2025 жылғы 20-21 қыркүйек күндері «Туризм» мамандығының 2-курс студенті Виктория жыл сайын өтетін «Алтын Күз» туристік слетіне қатысып, спорттық қашықтықтан бірінші орын алды.
Жарысқа қатысушылар түрлі кедергілерден өтті: тік жардан өрлеу және түсу, өзеннен өту, жартасты жерден және батпақтан өту, түйін байлауды жылдамдыққа орындау. Бұл кедергілер қатысушылардан күш, ептілік және машықталған дағдыларды талап етті.
Викторияны шын жүректен құттықтаймыз және болашақ жарыстарда да жеңістер тілейміз!