«Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және аймақтану жоғары мектебі жанындағы Регионалдық зерттеулер орталығында (Монреаль қ., Канада) Конкорд университетінің ғылыми қызметкері, антропология ғылымдарының докторы Адалят Исиева «Мемлекет қызметіндегі музыка: Орталық Азия этностарының кеш империялық Ресей мен Кеңес Одағындағы репрезентациясы» тақырыбында дәріс оқыды.
Лекция барысында Ресей империясының этникалық топтарды олардың музыкалық өнерін таныстыру арқылы көрсеткен ғылыми және музыкалық мекемелерінің қызметі талқыланды. Бұл процесс Эдвард Саидтің ориентализм теориясының контексінде қарастырылды.
Социалистік ұлттарды репрезентациялаудағы мемлекеттің рөлі Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының музыкалық өнерінің дамуы мысалында көрсетілді. Бұл даму ұлттық құрылыс аясында, ішкі және сыртқы саясаттың басымдықтарын ескере отырып жүзеге асқан болатын.
Д-р Исиева 2020 ж. Оксфорд университетінде жарық көрген «Орыс ориентализмі бейнеленуі: этнографиядан өнерге дейін» (Representing Russia’s Orient: From Ethnography to Art Song) атты кітаптың авторы болып табылады.
Д-р А. Исиева Регионалдық зерттеулер орталығының тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі болып табылады.