Тілдер апталығы аясында университетімізде “Медиа және мәдениетаралық коммуникациялар” Жоғары мектебінің оқытушыларының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Әлемдік поэзия беттері» атты поэзия байқауы биыл да, 2025 жылдың 25 қыркүйек күні, өз жалғасын тапты. Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында Медиа және мәдениетаралық коммуникация Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессорлары Жаппар Қарлығаш Зинилабидиновна мен Томанова Нурия Мархабатовна, сениор-лекторлар Коваленко Екатерина Сергеевна және Мұхаметқали Аида Аяпбергенқызы. Байқаудың мақсаты – студенттердің поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін шыңдау және әлемдік поэзия классиктерін дәріптеу.
Студенттер қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындыларын мәнерлеп оқып, тыңдарман ықыласына бөленді. Көрермен қауым Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен поэмаларын, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын және А.С. Пушкиннің атақты “Татьянаның хаты” шығармасын тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді:
І орын – Сайлаубаева Аида (“Аударма ісі” мамандығы), Султанова Аяла (“Аударма ісі” мамандығы)
ІІ орын – Алдаберген Арай (“Аударма ісі” мамандығы), Амангелді Нұртәжі (“Ақпараттық жүйелер” мамандығы), Бекболат Әйгерім (“Халықаралық қатынастар”мамандығы)
ІІІ орын – Бағаз Назерке (“Аударма ісі” мамандығы), Абдулла Адия (“Халықаралық қатынастар” мамандығы), Жуман Балым (“Аударма ісі” мамандығы)
Іс-шара жастардың тіл мәдениетін дамытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға және ұлттық әрі әлемдік әдеби мұраға деген құрметін арттыруға бағытталды. Поэзия байқауы студенттердің рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятқан тағылымды кешке айналды.