2025 жылдың 30 қыркүйегінде «Тұран» университетінде INTI International University (Малайзия) делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында:
Сапар аясында екі университет арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Memorandum of Understanding (MoU) құжатына қол қойылды. Бұл құжат білім беру және академиялық алмасуды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Меморандумға қол қою екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі болмақ.