“Нархоз” университетінде Ұлыбританияның жетекші адвокаттарының қатысуымен “Астана халықаралық қаржы орталығының сотындағы сот іс-әрекеттері мен өтініштері бойынша Адвокаттық практика” тақырыбында халықаралық конференция өтті. “Тұран” университетінің Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Токтыбеков Темир Абикенович баяндама жасап, азаматтық істер бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. Конференция заңгерлер, зерттеушілер және академиялық қоғамдастық өкілдері арасында ғылыми идеялар мен практикалық тәсілдермен алмасудың маңызды алаңына айналды.