Тілдер апталығы

«Тілдер апталығы» аясында 2025 жылы 22 қыркүйек күні «Тұран» университеті Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан тілдер мерекесіне орай үш тілде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты мерекелік кеш өтті.

 

Кеште студенттер үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Студенттер мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген сый-құрметін арттырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, шешендік сөздерімен, мақал-мәтелдерімен жан-жақты танысып, көне «Кұлтегін», «Білге қаған» руникалық ескерткіштерінен бастау алған тарихы терең, сөздік қоры бай қазақ тілінің  бұлағынан еркін сусындады. Сондай-ақ көрермендерге викториналық сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, қатысушылардың барлығы белсене қатысты. өнерлі студенттер талантымен көпшілікті тәнті етіп домбырамен күмбірлетіп күй ойнап, гитарамен ән салды. «Ана тілі» туралы өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіре оқыды. Бұл мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген үлкен құрмет-мәртебе. Биыл осы жыл сайынғы дәстүр жоғары деңгейде атқарылып өз мәресіне жетті.

 

Кешті ұйымдастырғандар қазақ тілі пәнінің оқытушылары: Айнұр Қаршығаева, Майра Алдабергенова, Аида Мұхаметқали, Талғат Төлегенов, Майра Жағыпарова, Айнагүл Мазинова.

 

Медиа және мәдениетаралық коммуникация

жоғары мектебінің оқытушысы

Майра Алдабергенова

Online қабылдау