2025 жылғы 8 қазан күні Алматы қаласында «Тұран» университетінде Тұран Академиясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және Иран елдерінен белгілі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Академияның басты миссиясы – түркі елдерінің ғалымдары мен қоғам қайраткерлерін біріктіріп, ортақ мәдени және ғылыми кеңістік құру, түркі өркениетінің бай мұрасын зерттеу мен насихаттауға үлес қосу. Бұл бастама түркі елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты күшейтіп, жастардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Іс-шара модераторы – «Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Тұран Академиясының вице-президенті Гүлжанат Жұбатқанқызы Таяуова.
Салтанатты жиынды Тұран Академиясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахман Алшанов пен Академияның тең-президенті, Түркі халықтары кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Махмут Орал ашып берді.
Жиын барысында Академия мүшелеріне дипломдар табысталды. Құттықтау сөздерін Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің дипломатиялық өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері айтты.
Тұран Академиясының толық мүшелері ретінде сайланғандар:
- Алшанов Рахман Алшанұлы, Тұран Академиясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
- Махмут Орал, Тұран Академиясының тең-президенті, Түркі халықтары кеңесінің Бас төрағасы.
- Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы, Тұран Академиясының вице-президенті, «Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Экономикалық ғылымдар академиясының академигі.
- Али Кылыч, жазушы, журналист, қоғам және саяси қайраткер, «Тұран» университетінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі (Түркия);
- Ахметов Әділ Құрманжанұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, саясаткер, дипломат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Ведат Кёле, Ежелгі түркі академиясының президенті (Түркия);
- Акматалиев Абдылдажан Амантурович, ф.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
- Садыгов Шамиль Камильоглы, PhD, қауымдастырылған профессор, Hedef Group білім беру холдингінің президенті (Әзірбайжан);
- Мауленов Алмасбек Аныкбекұлы, ф.ғ.д., профессор, түркітанушы, Жамбыл атындағы филологиялық зерттеулер орталығының директоры (Қазақстан) және басқа да танымал ғалымдар болды.
- Тұрабаев Асан Оразханұлы, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (Қазақстан)
- Байжанов Ілесбек Сейтұлы, инженер, экономист, журналист, жазушы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ақиқат – 1» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (Қазақстан).
- Есдаулет Ұлықбек Оразбайұлы, ақын, әдебиеттанушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Юксель Ялова, Түрік-француз мәдени қоғамының төрағасы, Окан университетінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бұрынғы вице-спикері (Түркия).
- Семих Гүнери, археолог, профессор, академик, жазушы (Түркия);
- Саджит Туранлы, PhD докторы, профессор, Гази университетінің ортопедия және травматология кафедрасының меңгерушісі болған (Түркия).
- Осман Каратай, тарих ғылымдарының профессоры, академик, Эгей университеті (Түркия);
- Неджати Демир, филология ғылымдарының профессоры, түрік тілі мен әдебиеті саласының маманы, Гази университетінің кафедра меңгерушісі (Түркия).
- Хильми Өзден, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ESOGÜ Түркі дүниесін зерттеу және қолдану орталығының басшысы (Түркия).
- Экрем Мемиш, профессор, тарихшы, зерттеуші және жазушы, Түркия мен Таяу Шығыс тарихы саласының маманы (Түркия).
- Берди Сарыев, филология ғылымдарының докторы, профессор, Анкара университеті Заманауи түркі тілдері кафедрасының оқытушысы, Ататүріктің «Nutuk» еңбегін түрікмен тіліне аударған (Түрікменстан).
- Мехмет Али Эсмер, профессор, Тракия университетінің Архитектура факультетінің оқытушысы, Мимар Синан қорының төрағасы (Түркия).
- Бабак Жаваншир, қауымдастырылған профессор, тарихшы, түрколог, Иран түркілерінің мәдениеті мен тарихын зерттеуші (Иран түркі).
- Ахметов Расул Сурмалиевич, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қоғамдық дипломатия қорының президенті, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары (Қазақстан).
- Феруза Джуманиязова, тарих ғылымдарының докторы, түрколог, Өзбекстан Ғылым академиясының Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері (Өзбекстан).
- Нуреттин Чакыр, PhD, тарих және география пәнінің оқытушысы, түрік тілін оқыту және аударма саласының зерттеушісі (Түркия).
Ашылу рәсімінің соңында қатысушылар Академияның болашақ жоспарларымен танысып, түркі әлеміндегі ғылыми байланысты нығайту, бірлескен ғылыми зерттеу жобалары мен конференциялар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Тұран Академиясы – түркі халықтарының ғылыми және мәдени ынтымақтастығын арттыруды мақсат еткен халықаралық алаң. Салтанатты жиында Тұран Академиясының логотипі де таныстырылды. Логотиптің идеялық авторы – Рахман Алшанов, графикалық дизайнері – Мұрат Чевик. Логотиптің көркемдік шешімі түркі жартас суреттерінен шабыт алып, Тұран географиясының киелі нышандарын бейнелейді.
Бұл маңызды бастама түркі әлемінің рухани бірлігін, мәдени сабақтастығын және ғылымдағы интеграцияны нығайтатын жаңа кезеңнің бастауы болды.