Порту университетінің (Португалия) профессоры Педро Диништің сапары

2025 жылғы 22 – 27 қыркүйек аралығында «Туран» университетінде Порту университетінің (Португалия) профессоры Педро С. Диниш (Pedro C. Diniz) іссапармен болды. Сапар 2025-2026 оқу жылына арналған ERASMUS+ Mind 23 Project бағдарламасы аясында жүзеге асты.

 

Сапар барысында профессор Педро Диниш PhD «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Маркетинг», «Құқық», «Психология» докторторантура білім беру бағдарламасы  докторанттарына «The use of artificial intelligence in science and research» тақырыбында семинар өткізді. Семинар заманауи ғылыми зерттеулер мен білім беру тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдеріне арналды.

Online қабылдау