2025 жылдың 1-5 қыркүйегі аралығында Тұран университетінде Erasmus+ Mind жобасы аясында Авейро Университетінің (Португалия) Профессоры Юлия Склярованың академиялық сапары өтуде.
Сапар бағдарламасы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға арналған дәрістер мен практикалық сабақтар сериясын, Сондай-ақ Авейро Университеті мен Тұран Университеті арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылауды қамтиды.
Erasmus+ Mind жобасы халықаралық серіктестікті дамытуда, академиялық ұтқырлықта және жоғары білім беруді интернационалдандыруда стратегиялық рөл атқарады. Тұран университетінің бұл бастамаға қатысуы тәжірибе алмасуға, инновациялық білім беру тәжірибесін енгізуге, университеттің әлемдік академиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.