«Туран» университетінде профессор Мосавимен кездесу

Бүгін «Туран» университетінде жасанды интеллект пен цифрлық модельдеу саласының жетекші маманы, профессор Амир Мосавидің шабыттандыратын дәрісі өтті.

 

Дәріс тақырыбы: «Модельдеудің эволюциясы: дәстүрлі әдістерден жасанды интеллектке дейін»

 

Профессор технологиялардың болашағы туралы өз көзқарасымен бөлісіп, машиналық оқыту мен нейрожелілердің күрделі жүйелерді талдаудағы қолданылуын, сондай-ақ цифрлық егіздер мен автономды шешімдердің қазіргі ғылыми зерттеулердегі рөлін талқылады.

 

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламаларының студенттері жасанды интеллект саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, халықаралық сарапшымен осы бағыттың даму болашағын талқылау мүмкіндігіне ие болды.

 

Дәріс «Туран» университетінің Жоғары компьютерлік инженерия мектебі тарапынан ұйымдастырылды.

 

Профессор Мосавиге қызықты дәрісі мен болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Online қабылдау