2025 жылғы 8 қазанда Құқық жоғары мектебінде «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Корпоративтік құқық» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін қонақ дәріс өтті. Дәрістің тақырыбы: «Қазіргі жағдайларда тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер)». Спикер ретінде заң ғылымдарының докторы, профессор К.А. Бакишев сөз сөйледі. Іс-шараның модераторы — заң ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Акимжанов болды. Дәріс барысында құрылыс және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері, сондай-ақ өзекті қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер қарастырылды. Студенттер өз білімдерін кеңейтуге, практикалық мәселелерді талқылауға және осы салада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды.