«Туран» университеті Орталық Азияда инновациялық тәжірибелер саласында Қазақстанның көшбасшылық позициясын нығайта түсуде.
Биыл Коммерцияландыру орталығының директоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Ерболат Оразбекұлы Өзбекстанда өткен инновациялар мен технологиялар саласындағы ең ірі аймақтық форум — InnoWeek 2025 аясындағы «Орталық Азия стартап экожүйелері» сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі.
Өз баяндамасында ол университеттерден DeepTech стартаптарды шығару және микрофондты басқару тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ҚР жоғары оқу орындарының бизнес–инкубаторлар мен акселераторлар қауымдастығы (KAUBIA) мен «Туран» университеті арасындағы өзара іс-қимыл үлгісін және инновацияларды жеделдетуге кедергі келтіретін жүйелік тосқауылдарды атап өтті.
«Мен “Туран” университетін таныстырамын, бірақ көп жылдан бері ғылым, стартап-индустрия және инвестиция түйісінде жұмыс істеп келемін. Дәл осы “ғылым” мен “нарық” арасындағы өткелде трансляциялық кедергілер жиі пайда болады», — деді Ерболат Оразбекұлы.
Аймақ алдындағы негізгі сын-тегеуріндер
Бұл үйлеспеушіліктер уақыттың бос кетуіне, жобалардың баяулауына және клиентке бағдардың әлсіреуіне әкеледі.
«Туран» университеті мен KAUBIA шешімдері
«Туран» университеті базасындағы KAUBIA қауымдастығы DeepTech жобалары үшін «өлім аңғары» кезеңін еңсерудің кешенді моделін әзірледі.
Жеке бизнес серіктестерімен бірлесіп, ерте кезеңдерді (TRL 4–7) қаржыландыратын микрофонд құрылды — бұл кезеңде жобаларға нарықтық гипотезаны тексеру, құқықтық рәсімдеу және акселерацияға дайындық үшін небәрі 10–30 мың доллар қажет.
KAUBIA сонымен қатар зияткерлік меншік пен шарттар бойынша бірыңғай стандарттарды әзірлеуге көмектеседі, бұл университеттер мен инкубаторлардың бір тілде сөйлесуіне және зертханадан нарыққа дейінгі жолды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Аймақ үшін ұсыныстар
«Біздің мақсат — тек стартаптар құру емес, ғалымдар мен кәсіпкерлердің бір тілде сөйлеп, бірлесіп өңірдің білім экономикасын дамытуына жағдай жасау», — деп түйіндеді Ерболат Оразбекұлы.
Халықаралық INNOVATOR журналындағы жарияланым
Биыл Ерболат Оразбекұлының мақаласы ғылым, технология және инновация саласындағы әлемдік көшбасшылардың еңбектерімен қатар беделді халықаралық INNOVATOR журналында жарияланды.
Осы нөмірде мынадай танымал тұлғалардың пікірлері де ұсынылды:
Аталған ғалымдардың еңбектерімен қатар Ерболат Оразбекұлының мақаласы (“Туран” университетінің Коммерцияландыру орталығының директоры, Қазақстан ЖОО бизнес-инкубаторлар және акселераторлар қауымдастығының бірінші вице-президенті әрі Kendala венчурлік микрофондының негізін қалаушысы) Қазақстанның көзқарасын және университеттердің ғылыми идеяларды нарықтық технологияларға айналдырудағы рөлін көрсетті.
«Біз үш жылдан бері Өзбекстандағы InnoWeek форумының тұрақты серіктесіміз және оның сессияларына белсенді қатысамыз.
InnoWeek — бұл DeepTech пен IT бағыттары қатар дамып келе жатқан Орталық Азиядағы бірегей алаң.
Мұнда ел көшбасшылары, инвесторлар, ғалымдар, кәсіпкерлер және әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар жиналады.
Дәл осы жерде жаңа трендтер қалыптасып, өңірдің инновациялық болашағы айқындалады.
InnoWeek 2025-ке келіп, өз көзіңізбен көріңіз!»
«Туран» университеті ғылымды коммерцияландыру, технологиялық кәсіпкерлік және білім трансфері бағыттарын жүйелі түрде дамытып келеді.
Оның Коммерцияландыру орталығы — Қазақстандағы академиялық ғылымды бизнес пен инвестициялармен байланыстыратын жетекші алаңдардың бірі.