«Тұран» университетінің түлегі Адлет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
Адлет Қожанбаев 1980 жылдың 1 қаңтарында бұрынғы Семей облысының Көкпекті ауданына қарасты Биғаш ауылында дүниеге келген. Ол «Тұран» университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» (2005 ж.) және «Құқықтану» (2012 ж.) мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2021 жылы Адлет Қожанбаев Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Басшыларға арналған іскерлік әкімшілік магистрі» (MBA) мамандығы бойынша білім алды.
Қожанбаевтың еңбек жолы банк саласы, телекоммуникация және Абай облысының қаржы басқару салаларында табысты қызмет атқарумен ерекшеленеді. 2024 жылдың тамыз айынан бастап Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарды.
«Тұран» университеті түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Адлет Қожанбаевқа кәсіби жолында сәттілік тілейді.