Профессор Талгат Курманұлы Акимжанов сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін дамытуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2025 жылғы 3 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін дамытудың мәселелері мен перспективалары: ғылыми және қолданбалы аспектілері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара көрнекті ғалым-заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Калауши Адильханович Бегалиевтің есімімен аталатын дәрісхананың ашылуына орай ұйымдастырылды. Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті жанындағы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ұйымдастырды. «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі атынан конференцияға заң ғылымдарының докторы, профессор Талгат Курманович Акимжанов қатысып, қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында қылмыстық заңнаманы және криминологиялық ғылымды жетілдіру мәселелеріне арналған баяндама жасады. Профессор Акимжанов талгат Курмановичтің аталған іс-шараға қатысуы еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми диалогтың маңыздылығын және академиялық ынтымақтастықты нығайтудың өзектілігін көрсетті.

Online қабылдау