Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) бойынша келесіні хабарлайды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. Жоғарыда аталған атағының иегерлері соңғы он жылда конкурсқа қатыспайды.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.
Конкурстың I кезеңі 2025 жылдың 3 қарашасынан басталып, 2025 жылдың 14 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2025.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 17-19 қараша аралығында өткізіледі.
Байқаудың II кезеңі 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланатын болады.