AV & Media Central Asia 2025 халықаралық конференциясы мен көрмесі Turan Film Academy жоғары мектебінде

2 және 3 қазанда “Тұран” университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі негізінде AV & Media Central Asia 2025 аудиовизуалды технологиялар халықаралық конференциясы мен көрмесі өтті. Іс-шараға академиялық қоғамдастық, медиа-индустрия мамандары, оқытушылар құрамы, студенттер және жаңа технологиялар жиналды.

 

Клаус-Йорг Яспер (Lawo GmbH), Макс Попов (Evertz), Тимур Юсупов пен Андрей Зейн (Synamedia), Олег Кунгуров (техникалық продюсер), Айнур Жагипарова (Tract Asia), Александр Нужный (Artparovoz) сияқты жетекші сарапшылар IP технологиялары мен медиа-өндіріс туралы маңызды әрі пайдалы баяндамалар жасады.

 

Жоғары оқу орындары, кино және телекомпаниялар өкілдерінің қатысуымен “Қазақстан және Орталық Азияның медиа индустриясындағы инженерлік білім беру қажеттіліктері” туралы дөңгелек үстел басты оқиға болды.

 

Конференция қызу талқылау және қорытындылаумен әрі дипломдар табыстау рәсімімен аяқталды. Бұл шара өңіріміздің аудиовизуалды секторын дамыту үшін аса маңызды платформа ретіндегі рөлін растады.

Online қабылдау