2025 жылғы 20 қазанда «ПАРАГРАФ: ақпараттық жүйенің функционалдығы және ЭҚА-мен жұмыс істеу (электрондық құжат айналымы)» тақырыбында вебинар өткізілді. Іс-шараға заң және бухгалтерия саласының мамандары – профессорлар, сениор-лекторлар, құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
«ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі өзекті нормативтік ақпарат пен талдамалық материалдарға жедел қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жүргізуші – Әсем Талқанбай жүйеге енгізілген жаңартулармен таныстырып, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеллектуалды көмекші PRG Kоmek құралын көрсетті. Бұл құрал еңбек даулары, салықтар және кәсіби қызметтің өзге де бағыттары бойынша қажетті ақпаратты деректер базасынан жылдам табуға мүмкіндік береді.