Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің аға оқытушысы Кушеров Нургиса Жылкыбаевичті үздік сараптамалық жұмыс байқауында жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа көкжиектері» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қорытындысын жариялады. ҚСЗИ жобасы жас отандық сарапшыларға әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге және олардың сарапшылық және ғылыми салалардағы бәсекеге қабілеттілігін дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – сарапшылар қауымдастығын жаңа кадрлармен және инновациялық идеялармен толықтыру үшін дарынды жас сарапшыларды қолдау.

 

Бағдарлама 2025 жылдың 7 сәуірінен 30 мамырына дейін созылды және нәтижелері 2025 жылдың қыркүйегінде жарияланды.

 

Конкурстық іріктеу нәтижесінде 78 өтінімнің ішінен үздік 10 ғылыми жұмыс таңдалды. Олар талдаудың жоғары деңгейін, тақырыптың өзектілігін, зерттеуге кәсіби көзқарасын көрсетті. 10 жеңімпаздың әрқайсысы өз жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін ҚСЗИ грантына ие болады.

Online қабылдау