Профессор Р. А. Алшановтың ғылыми-танымал очеркінің тұсаукесері

«Тұран» университетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанович Алшановтың «Александр Македонскийдің сақ жерлеріне әскери жорығы. Хақан Шу тарихынан» атты ғылыми-көпшілік очеркінің тұсаукесері өтті.

 

Ғылыми еңбек сақ тайпаларының аз зерттелген тарих беттеріне және Александр Македонскийдің антикалық дереккөздерде көрініс тапқан әскери жорығына арналған. Очеркте антикалық шежірелер мен түркі дәстүрінің тарихи параллельдері қарастырылып, мәдени жад, сабақтастық және Орталық Азияның көне тарихы контексіндегі бірегейлік қалыптастыру мәселелері талданады. Автор Александр Македонский дәуірінің оқиғаларына жергілікті түркі өркениеттік дәстүрі тұрғысынан қарауға талпынып, зерттеу жұмысына ерекше өзектілік пен жаңашылдық сипат береді.

 

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары:

 

  • Дина Ибрагимқызы Разакова – стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор;
  • Алтынай Төлеуқызы Мұхамбедьярова – профессор-зерттеуші, саяси ғылымдарының докторы, «Тұран өркениеті» Халықаралық зерттеу орталығының директоры.

 

Тұсаукесердің модераторы – генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президиум төрағасы.

 

 

Іс-шараға Қазақстан мен Әзербайжанның танымал қоғам және ғылым қайраткерлері, әскери мамандар қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында:

 

  • Аманжол Зейноллаұлы Уразбаев – «Арлан» жастар патриоттық орталығы» ҚҚ президенті, «Әскери-патриоттық және іздестіру қозғалысы қауымдастығы» РҚБ төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҚК полковнигі (запаста);
  • генерал-майор Шаймұрат Шәукетұлы Отарбаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ Президиумының мүшесі;
  • генерал-майор Әлібек Булатұлы Сералиев, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі;
  • Талғат Талапұлы Каналиев, «Генералдар кеңесі» РҚБ жауапты хатшысы;
  • полиция генерал-майоры Наиль Молдахметұлы Ғалымжанов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі;
  • генерал-майор Шынтас Сарбасұлы Үтебаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі.
  • Абай Бөлекпайұлы Тасболатов, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

 

 

Іс-шараның ғылыми мәнін арттырған Әзербайжан Республикасының белгілі ғалымдарының қатысуы болды:

 

  • Ибрагимхалил Нариман оғлы Балаев – Ұлы Түрік құрылтайын шақыру жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
  • Гасымов Парвиз Паша оғлы – Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Археология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих философиясы бойынша PhD докторы, орта және кейінгі қола дәуірі мен теориялық археология мәселелері бойынша маман.

 

 

Ғылыми пікірталасқа сондай-ақ Қазақстанның белгілі тарихшылары, түркітанушылары мен филологтары қатысты:

 

  • Досай Қасымұлы Абраимов, профессор, әскери ғылымдар докторы, ҚР Әскери ғылымдар академиясының академигі;
  • Жұмажан Ғабдушакирұлы Байжумин, тарихшы, профессор, Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымы;
  • Гүлнар Сейтқаримқызы Омарова, профессор, философия ғылымдарының кандидаты;
  • Сәуле Бекмұхамедқызы Бектемирова, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түркітану және тіл теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Кенже Ускенбаевна Торланбаева, тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі;
  • Әбікен Әбілұлы Тоқтыбеков, профессор, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының ректоры, республикалық «Мәслихат және әкімдік» журналының бас редакторы.

 

Презентация мазмұнды ғылыми пікірталас пен ой бөлісу рухында өтті. Шара барысында қатысушылар сақ өркениетінің дүниежүзілік тарихтағы орнын және түркі халықтарының мәдени кодының қалыптасуына қосқан үлесін талқылады. Іс-шара соңында қатысушылар еңбектің ғылыми маңыздылығын, оның пәнаралық сипатын және түркі әлемі елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Online қабылдау