2025 жылдың 22–23 қазанында Алматы қаласында БҰҰ Туризм ұйымының, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің және Алматы қаласы Туризм бюросының қолдауымен «Әйелдердің туризм саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі аймақтық конференция» өтті.
Іс-шара туризм индустриясында гендерлік теңдік пен әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған пікір және тәжірибе алмасу алаңы болды. Конференция аясында келесі мазмұнды панельдік және пікірталас отырыстары ұйымдастырылды:
Спикерлер қатарында Қазақстан, Орталық Азия және Еуропаның көрнекті әйелдері болды:
Сонымен қатар Алматы қаласында туризм мен қалалық ортаны дамытуға белсенді үлес қосып жүрген әйелдердің қызметіне ерекше назар аударылды:
«Туран» университетінің Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінен конференцияға сениор-лектор Анастасия Викторовна Величко және «Туризм» білім беру бағдарламасының магистранты Айсулу Кенжебекова қатысты.
Сондай-ақ оқытушылар, магистранттар мен студенттер конференция аясында өткен «Туризмдегі гендерлік теңдік» атты семинар-тренингке қатысты. Семинар тұрақты және инклюзивті туризм саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған болатын. Қатысушылар қатарында оқытушылар Бахытгүл Маратовна Демеуова, Анастасия Викторовна Величко, магистрант Айсулу Кенжебекова және «Туризм» мен «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттері болды.
Мұндай іс-шаралар БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 5-міндеті – «Гендерлік теңдік» қағидатына сәйкес келеді және Қазақстанда туризм, білім беру және инновация салаларындағы әйелдердің рөлін нығайтуға ықпал етеді.