Оқытушылар мен докторанттарға арналған әдістемелік семинар

2025 ж 9 қазанда Құқық жоғары мектебінде “Eurasian Scientific Journal of Law” ғылыми-практикалық журналына жариялау үшін авторлар ұсынатын ғылыми материалдарға қойылатын талаптар” тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның спикері ретінде журналдың жауапты редакторы, Құқық жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі, заң ғылымдарының кандидаты Алдабергенова Нонна Алдабергенқызы сөз сөйледі, сонымен қатар, шараға журналдың редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор Жаппар Қарлығаш Зейнелқызы қатысты. Семинар барысында ғылыми жарияланымдарды дайындауға және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ журналда жариялау үшін мақалаларды іріктеу критерийлері егжей-тегжейлі қаралды. Іс-шара белсенді талқылау және тәжірибе алмасу арқылы жұмыс форматында өтті.

Online қабылдау