«Туран» университетінің Құқық жоғары мектебі халықаралық аренада!

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры Джумабаева Карлығаш Асильхановна Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен Халықаралық жас зерттеушілер саммитіне қатысты. Саммиттің басты тақырыбы – «Өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты бейбітшілік үшін жастар көшбасшылығын дамыту». Карлыгаш Асильхановна құттықтау сөз сөйлеп, «Тұран» университетінің халықаралық академиялық әріптестік және жастар дипломатиясын дамыту мәселелері жөніндегі ұстанымын таныстырды. Құқық жоғары мектебі директорының қатысуы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуда, сондай-ақ бейбітшілік, ынтымақтастық және өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде маңызды қадам болды. «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі студенттер мен жас ғалымдар үшін жаңа көкжиектер аша отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастыруда!

Online қабылдау