«Тұран» университетінде «Ұлттық диктант» жобасы өтті

2025 жылғы 22–23 қазан күндері «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен республикалық «Ұлттық диктант» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Тұран» университетінде диктант жазу іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға университеттің қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінің 1–2 курс студенттері, барлығы 630-дан аса студент қатысты. Жобаның өтуіне қазақ тілі пәнінің оқытушылары белсенді атсалысты: Төлегенов Т.Қ., Каршигаева А.А., Жагипарова М.М., Алдабергенова М.Т., Мұхаметқали А., Тоғайбекова Ж.Б., Момбек А.А., Мазинова А.Ж.

 

 

Шақырылған қонақтар:

 

  • Қалымбет Бақыт Әбиірұлы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы.
  • Сағидолла Сиқымбайұлы – Қазақстан Журналистер Одағының және Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисті, Құрметті шекарашысы, отставкадағы полковник, әскери журналист.
  • Шонабай Гүлжанат Таубайқызы – ҚР Журналистер Одағының және Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Бай әулет» журналының жауапты редакторы, журналист.
  • Маханова Захра Ануаровна – «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ кітапханашысы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің шебері», Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері.

 

Қонақтар диктант мәтінін оқып, білім алушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны қолдау және ел болашағына жауапты жас ұрпақ рөлі туралы өз ой-пікірлерін, ақыл-кеңестерін айтты.

 

Іс-шараға университеттің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік өкілдері де қатысты. Мәтінді қауымдастырылған профессор Каршигаева Айнұр Аралбекқызы және педагогика ғылымдарының магистрі, сениор-лектор Жагипарова Майра Мусаевна оқыды.

 

 

Ана тілі ретінде меңгергендер үшін:

 

«Ұлттық диктант» жобасының мәтіні ретінде Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан үзінді алынды.

 

 

Екінші тіл ретінде меңгергендер үшін:

 

«Ұлттық диктант» жобасының мәтіні ретінде «Отан» тақырыбындағы шағын шығарма пайдаланылды.

 

Шараны «Тұран» университетінің «Медиа және мәдениетаралық коммуникация» жоғары мектебі ұйымдастырды.

 

Университетімізде жобаны жоғары деңгейде жүзеге асырғаны үшін п.ғ.м., сениор-лектор Жагипарова Майра Мусаевнаға және қызығушылық танытып қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Online қабылдау