Сингапурдағы ғылым орталығында біліктілікті арттыру

2025 жылғы 21-24 қазанда Science Center Singapore (Сингапур) қаласында Алматыдан (Қазақстан) келген делегацияның біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өтті, оның құрамында «Тұран» университетінің Туризм және қонақжайлылық Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Г.Ш. Файзуллина да болды.

 

Сингапур ғылыми орталығы интерактивті экспозицияларды басқару, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар STEM-білім беруді дамытуға бағытталған қарқынды дамып келе жатқан ғылыми орталықтың күнделікті жұмысы туралы құнды ақпарат ала отырып, орталықтың жұмысымен тәжірибелік сабақтарда, экскурсияларда және сарапшылармен бірлескен пікірталастарда танысты.

 

www.science.edu.sg

Online қабылдау