Trip With Turan компаниясы 10-сынып оқушылары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды. Саяхатқа 45 оқушы мен 3 мұғалім қатысты. Сапар барысында қатысушылар Іле Алатауының баурайында орналасқан көрікті Есік көліне барып, оның пайда болу тарихымен, осы ерекше жерге байланысты аңыздар мен мифтермен танысты. Сондай-ақ, Есік көлінің табиғи ерекшеліктері мен өңір туризмінің дамуына қосқан үлесі жайлы мағлұмат алды.
Экскурсиялық бағдарламамен қатар, саяхаттың кәсіби бағдар беру маңызы да болды. Trip With Turan компаниясының өкілдері оқушыларға туризм мен қонақжайлылық саласындағы білім беру бағдарламалары және «Туран» университетінде оқыту мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Бұл сапар оқушылар үшін жай ғана саяхат емес, болашақ мамандықты таңдауда шабыт беретін тәжірибе болды. Ол қатысушылардың дүниетанымын кеңейтіп, Қазақстанның бай табиғи және мәдени мұрасын еске салды.