Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберіндегі АРТА сыртқы сараптама комиссиясының сапары аяқталды

2025 жылдың 3–5 қараша аралығында халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясының «Тұран» университетіне үш күндік сапары өтті.

 

 

Аккредиттеу рәсіміне тоғыз білім беру бағдарламасы қатысты.

 

  1. 6В04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару
  2. 6В04104 Әлемдік экономика
  3. 6В03102 Аймақтану
  4. 6В06202 Қоғамдық қатынастар
  5. 6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  6. 6B02101 Режиссура
  7. 7M02101 Режиссура
  8. 7M03109 Клиникалық психология
  9. 8D04105 Маркетинг

 

Сапар барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес сарапшылар университет басшылығымен, факультет декандарымен, жоғары мектеп директорларымен және білім беру бағдарламаларының басшыларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесіп; профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және университет түлектерімен сұхбат жүргізді; білім алушылар мен ПОҚ-тан сауалнама алды; университеттің оқу-материалдық базасын тексерді; тәжірибе базасына – кәсіпорындарға барды.

 

Сондай-ақ сапар барысында сарапшылар кесте бойынша ПОҚ сабақтарына қатысып, ББ бағдарламасын іске асыратын жоғары мектептердің, сондай-ақ білім беру процесіне қатысатын бөлімшелердің құжаттамасын зерделеді. Университет ұсынған ішкі нормативтік құжаттарды және сапар барысында алынған ақпаратты зерделеу негізінде сараптама тобы аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрі арттыру мақсатында бірқатар ұсынымдар әзірледі. Ұсынымдар сыртқы сараптама комиссиясының университет басшылығымен қорытынды кездесуінде ұсынылды.

Online қабылдау