Вирджиния Тех университетінің (АҚШ) шақырылған профессоры Тугрул Кескин «Тұран» колледжінің студенттеріне кәсіби бағдар беру дәрісін оқыды

2025 жылдың 30 қазанында профессор Тугрул Кескин «Тұран» колледжінің студенттеріне халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты зерттеудің маңыздылығы туралы кәсіби бағдар беру дәрісін оқыды. Ол студенттерді халықаралық қатынастарды, Орталық Азия аймағын зерттеуге, аналитикалық дағдыларын дамытуға, ағылшын және қытай тілдерін оқуға шақырды. Тугрул Кескин «Тұран» университетінің шақырылған оқытушысы және Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінде сабақ береді. Бұған дейін профессор Шанхай университетінде (Қытай), Портленд мемлекеттік университетінде (АҚШ), Каппадокия университетінде (Түркия), Джеймс Мэдисон университетінде (АҚШ) және Рэдфорд университетінде (АҚШ) жұмыс істеген. Профессор «Тұран» университетінің халықаралық қатынастар, аймақтану, дипломатия және жаһандық экономика салаларында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жетістіктерін жоғары бағалайды.

Online қабылдау