2025 жылғы 22 қазанда құқық қорғау органдарымен ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында «Полицияда бір күн» жобасын өткізді, оған бірнеше ЖОО, оның ішінде «Тұран» университетінің ҚЖМ «Құқықтану» мамандығының 3 курс бакалаврлары қатысты. Студенттер өте қызықты күн өткізді: полиция техникасымен танысты, офицерлермен әңгімелесті, экипировкасын сынап көрді, патрульдік көлікті басқарып отырды, курсанттар мен кинологтардың өнерін тамашалады. Тренингтер шеңберінде цифрлық алаяқтықтың нақты жағдайлары талданды, өзін-өзі қорғаудың базалық тәсілдерін меңгерді, сондай-ақ шұғыл жағдайларда мінез-құлық алгоритмдері мен қауіптерді азайту тәсілдерін зерделедік. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттары мен естелік кәдесыйлар алды. Студенттер өткізілген іс-шараға жоғары баға беріп, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығына және «Тұран» университетінің профессорлары Г.Т.Алаеваға, Н.А.Алдабергеноваға осы қызықты іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтады.