«Туран» университетінің Құқық жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері Қазақстандағы алғашқы Kazakhstan Prevention Days форумына қатысты

Қазақстанда алғаш рет 2025 жылғы 20 қазанда Kazakstan prevention days өткізілді, оған Г.Т. Алаева, Н.А. Алдабергенова және «Тұран» университетінің ҚЖМ бакалавр студенттері қатысты. Аталған іс-шара аясында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 45 отандық және шетелдік жобалардың көрмесі өткізілді. Қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықты, экстремизмді, киберқылмысты және басқа да қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлерді болдырмау бойынша жобалар ұсынылды, «Sergek TOR», «Qorgau» жүйелері, «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелдері, ұшқышсыз ұшу аппараттары және интернет-алаяқтар мен дропперлерден қорғау бойынша ақпараттық стендтер көрсетілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы М.Есболатов атындағы ІІМ-нің  Алматы академиясы, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GIZ) ұйымдастырды. Республика прокуратурасы мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қызықты баяндамалар жасады.

Online қабылдау