Turan университеті студенттер мен жас зерттеушілерге арналған жаңа білім беру бастамасын іске қосты — Turan GameDEV клубы.
Клубтың мақсаты — ойындарды жобалау мен әзірлеу дағдыларын дамытып, студенттердің шығармашылық идеяларын нақты коммерциялық өнімге айналдыру.
Жобаның бастамашылары — Майнцер Дмитрий Александрович, жоғары компьютерлік инженерия мектебінің ассистент-лекторы, техникалық ғылымдар магистрі және Ерболат Оразбекұлы, PhD, қауымдастырылған профессор, Коммерцияландыру орталығының директоры.
Клубтың мақсаты
Бағдарламашыларды, суретшілерді, геймдизайнерлер мен дыбыс режиссерлерін біріктіретін жас әзірлеушілер қауымдастығын қалыптастыру.
Қатысушылар заманауи ойын технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, геймдизайн, анимация, бағдарламалау, визуалды эффектілер және ойын индустриясындағы бизнес-модельдерді зерттейді.
Оқыту форматы
Бағдарлама Turan университеті студенті жасаған халықаралық деңгейде танылған Voices of the Void ойынының нақты тәжірибесіне негізделген.
Аталған ойын күніне 10 000 реттен астам жүктеледі, ал YouTube-тағы бейнешолулар саны 15 миллионнан асады.
Оқыту гибридті форматта өткізіледі:
Офлайн — Жоғары компьютерлік инженерия мектебінің базасында, 718 аудитория (Алматы қ., Сәтпаев көш., 16А);
Онлайн — жобалармен бірлесіп жұмыс істеуді және үздіксіз командалық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін Discord, Zoom және WhatsApp платформалары арқылы.
Бағдарламаға 24 студент қатысуда. Олар идеядан бастап релизге дейінгі бейнеойын жасау үдерісін меңгереді. Сабақтар заманауи компьютерлерде өткізіледі.
Оқу бағдарламасы
Бағдарлама «GameDev» пәнінің (авторы — Майнцер Д.А.) негізінде жасалған және келесілерді қамтиды:
Курс соңында қатысушылар өздерінің жеке ойын прототиптерін жасап, оларды ары қарай дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Мүмкіндіктер мен қолдау
Үздік жобалар:
«Біз тек курс емес, студенттер өз ойындарын жасап, таныстырып және коммерцияландыруды үйренетін экожүйе құрып жатырмыз. Turan GameDEV — Қазақстандағы жаңа буын инди-әзірлеушілер мен геймдизайнерлердің бастау алаңы», — деп атап өтті Ерболат Оразбекұлы, PhD, қауымдастырылған профессор, Коммерцияландыру орталығының директоры.
Turan GameDEV — Қазақстандағы инновациялық ойын экожүйесін қалыптастыруға бағытталған қадам
Клуб білім, шығармашылық және кәсіпкерлікті біріктіріп, студенттердің өз идеяларын халықаралық деңгейдегі коммерциялық жобаға айналдыруына мүмкіндік береді.