2025 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында «Құқықтану» білім беру бағдарламасы 2 курс докторанты Ильясова Самал Гданьск университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Гданьск университеті – Uniwersytet Gdański – 1970 жылы 20 наурызда құрылған, Солтүстік Польшадағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылады және физика, биотехнология, психология, педагогика, бизнес, құқық және әкімшілік бағыттар бойынша Польшадағы ең үздік 10 университеттің қатарына кіреді. Ол сондай-ақ QS World University Rankings құрамына кіреді, 850-900 позициясын алады.
Тағылымдаманы PhD, Dr hab Prof. Edvardas Juchnevicius басқарды. Ғылыми тағылымдама барысында докторант университеттің материалдық базасымен, кафедралардың кітапханасымен және оқу орталықтарымен танысып, университеттің ғылыми іс-шараларына қатысты. Шетелдік ғылыми жетекшінің басшылығымен докторант зерттеу жұмыстарымен айналысып, қазақстандық және халықаралық рейтингі бар журналдарда жариялауға мақала дайындады. Тағылымдаманы аяқтағаннан кейін докторант сертификат алды.