«Тұран» университеті QS World University Rankings 2026 халықаралық рейтингінде өз позициясын нығайтты

«Тұран» университеті халықаралық білім беру кеңістігіндегі маңызды жетістігін қуана хабарлайды. QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша университет Азия университеттері арасында 1001-орынды және Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындары қатарынан 59-орынды (ТОП-100) иеленді.

 

QS World University Rankings – жоғары білім сапасын бағалайтын ең беделді және әлемге танымал рейтингтердің бірі. Бұл рейтинг әдістемесі академиялық бедел, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, халықаралық белсенділік, ғылыми-зерттеу әлеуеті және білім беру бағдарламаларының сапасы сияқты негізгі көрсеткіштерге негізделеді.

 

Бұл жетістік университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, студенттері және серіктестерінің бірлескен әрі мақсатты еңбегінің нәтижесі болып табылады. Алынған көрсеткіштер университеттің тұрақты дамуын, білім беру сапасының артуын, ғылыми зерттеулердің күшеюін және халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюін дәлелдейді.

 

«Тұран» университеті алдағы уақытта да халықаралық аренада өз беделін арттырып, жаңа биіктерді бағындыратынына сенімдіміз.

Online қабылдау