Қонақ дәрісі “Идея қалай релизге айналады: ‘өтінімнен’ продакшнға дейінгі ұйымдастыру үдерісі” “Ақпараттық жүйелер” және “Интеллектуалды робототехника” білім беру бағдарламаларының студенттері үшін

2025 жылғы 30 қазанда 710-аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» және «Интеллектуалды робототехника» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне арналған “Идея қалай релизге айналады: өтінімнен бастап продакшнға дейінгі ұйымдастыру үрдісі” тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті BCCHUB ІТ компаниясының техникалық өнім менеджері Саят Бакирбаев өткізді. Дәріс барысында спикер идеяның нақты өнімге айналу процесін жан-жақты түсіндірді. Спикердің айтуынша, сәтті релиз – бұл жеке қызметкерлердің ерлігінің нәтижесі емес, нақты анықталған рөлдер, жауапкершілік аймақтары мен әр кезеңдегі бақылау нүктелері бар дұрыс ұйымдастырылған процесс. Ол RACI моделін жауапкершілікті бөлу үшін қалай қолдануға болатынын, сондай-ақ қажетті негізгі құжаттар мен артефакттарды (one-pager, ADR, release checklist) таныстырды. DoR және DoD сияқты дайындық критерийлерін сақтау не үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ «минималды бюрократия — максималды пайда» қағидасы, метрикалар мен процестердің ашықтығы және архитектуралық шешімдерді құжаттаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

 

Дәрістен кейін студенттер ұсынылған құралдарды енгізудің практикалық аспектілері туралы, сондай-ақ BCCHUB компаниясының релиздерді басқаруда қолданатын әдістері мен өнім сапасы мен релиз жылдамдығы арасындағы тепе-теңдікті қалай қамтамасыз ететіні жайлы сұрақтар қойды.

 

Дәрісті ұйымдастырушы – Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., “Тұран” Университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.

Online қабылдау