«Туран» университетінің Экономика және менеджмент жоғары мектебі Алматы қаласының мектептері мен лицейлерінің бітіруші түлектері мен колледж студенттерін экономика, бизнес және қалалық ортаны дамытуға бағытталған нақты шешімдер ұсына алатын, бастамашыл, креативті және кәсіпкерлік ойлайтын жастарды анықтауға арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық бизнес-жобалар байқауына қатысуға шақырады.
- Байқаудың мақсаттары
– мектеп және колледж білім алушылары арасында кәсіпкерлік ойлау мәдениетін дамыту;
– экономика және менеджмент саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыру;
– заманауи нарық жағдайында жүзеге асыруға болатын перспективалы бизнес-идеяларды қолдау;
– «Туран» университеті мен Алматы қаласының білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
- Байқауды ұйымдастырушы
Байқаудың ұйымдастырушысы – «Туран» университеті (Алматы қ.).
Байқау экономика, менеджмент, маркетинг және кәсіпкерлік саласындағы оқытушылар мен практик-мамандардың ұйымдастырушылық және сараптамалық қолдауымен өткізіледі.
- Қатысушылар
Байқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:
– Алматы қ. жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің 11-сынып бітіруші түлектері;
– Алматы қ. колледж студенттері.
Байқауға қатысу тегін.
- Жобалардың тақырыптық бағыттары
Байқауға келесі бағыттар бойынша бизнес-идеялар мен жобалар қабылданады:
– кәсіпкерлік және шағын бизнес;
– компанияларды басқару және дамыту (менеджмент, HR, операциялық менеджмент);
– маркетинг, digital-маркетинг, клиенттерге қызмет көрсету;
– креатив индустриялары және қызмет көрсету саласы;
– әлеуметтік кәсіпкерлік және тұрақты даму;
– экономика мен басқаруға байланысты цифрлық шешімдер мен онлайн-сервистер.
Жобалар практикалық іске асыруға бағытталған, мақсатты аудиторияны, ресурстарды және күтілетін нәтижелерді ескере отырып әзірленуі тиіс.
- Өткізу мерзімдері
Байқау 2025 жылғы 12 қарашадан 23 қарашаға дейін өткізіледі.
Осы кезеңде:
– өтінімдер мен жоба материалдарын қабылдау;
– сараптамалық комиссияның жұмысы;
– үздік жобаларды «Туран» университеті базасында офлайн қорғау;
– қорытындылар шығару және жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған.
Кезеңдердің нақты күндері мен қорғау форматы Байқау Ережесінде көрсетілген.
- Қатысу форматы
Байқауға жекелей және команда құрамында (3 адамға дейін) әзірленген жобалар қабылданады.
Жобаға берілетін өтінімде (Байқау Ережесіне сәйкес) мыналар болуы тиіс:
– идеяның қысқаша сипаттамасы;
– мәселені қою және өзектілігін негіздеу;
– мақсатты аудиторияның сипаттамасы;
– базалық бизнес-модель (жобаның қалай жұмыс істейтіні және құндылық тудыратындығы);
– іске асырудың шамамен жоспары.
Жобалар мен өтінімдер ресми Байқау Ережесінде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.
- Бағалау және нәтижелер
Жобаларды «Туран» университетінің сарапшылар қазылар алқасы келесі негізгі критерийлер бойынша бағалайды:
– идеяның жаңашылдығы мен ерекшелігі;
– жобаның іске асырылу мүмкіндігі мен өміршеңдігі;
– әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы;
– таныстырылымның логикасы, айқындығы және құрылымы;
– автордың (авторлардың) кәсіпкерлік әлеуеті.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ «Туран» университеті базасында кәсіби кеңес беру және менторлық қолдау алу мүмкіндігіне ие болады.
- Қосымша ақпарат
Қатысу шарттары, жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтінім нысандары және ұйымдастырушылардың байланыс деректері «Әлемді өзгертетін идеялар» байқауының Ережесінде көрсетілген. Ереже «Туран» университетінің ресми сайтында орналастырылған.
Алматы қаласының мектептері, лицейлері мен колледждерін өз білім алушыларының байқауға қатысуын қолдауға және жас көшбасшылар мен кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру жолында серіктес болуға шақырамыз.
Байқауға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет
Тек тіркелген қатысушылар (командалар) байқауға жіберіледі.