2025 жылдың 28 қазанында Астанадағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының он финалистіне дипломдар табысталды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Қазақстан аймақтарының экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа көкжиектері» бағдарламасының финалистеріне арналған байқауды аяқтады. Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің аға оқытушысы Нургиса Кушеров диплом және өз жобасын жүзеге асыруға грант алды. Он финалисттің зерттеу тақырыптары бүкіл Қазақстаннан ұсынылған 76 жас сарапшы жобасының ішінде ең үздік деп танылды. Қорытынды стратегиялық сессияны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми хатшысы Айгүл Көшербаева жүргізді.