Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебін студенттік конференциясының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

2025 жылдың 1 қарашасында Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебі «Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи тенденциялары мен сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – студенттер мен магистранттар арасында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты қазіргі заманғы үрдістер мен қиындықтардың әсерін талқылау болды. Конференцияға әртүрлі университеттердің студенттері мен магистранттарынан шамамен 40 баяндама ұсынылды. Қазақ-Америка университетінің, ҚазБСҚА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің және ҚызПУ университетінің студенттері ерекше белсенділік танытты. Халықаралық қатынастар бағдарламасының студенттері Рамазанов И., Люхудзаева М., Тураш Ж., Тураш Н., Серікбай З және Иманкулова Д. конференцияны өткізуге айтарлықтай көмек көрсетті. Конференцияға жауапты Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің директоры Ағыбай Жангелді «халықаралық қатынастар» және «аймақтану» бағдарламаларының студенттері үшін осындай конференцияны жыл сайын өткізуге уәде берді.

Online қабылдау