«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде Облыстық адвокаттар алқасы адвокатының дәрісі өтті

«Тұран» университетінің Құқық жоғары  мектебінде облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, «Әдлет-ар» заң кеңсесінің адвокаты Жанар Кенжалиқызы Шүренованың «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу: айырмашылықтар мен ерекшеліктер» тақырыбында дәрісі өтті. Іс-шараның модераторы к.ю.н. Индира Темірбекқызы Мұсабекова болды. Қонақ дәрісі «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттеріне арналды.

 

Кездесу барысында адвокат Ж.К. Шуренова екі юрисдикция шеңберінде іс жүргізудің практикалық тәжірибесімен бөлісті, сот ісін жүргізу принциптеріндегі, тараптардың рөлі мен дәлелдеу стандарттарындағы айырмашылықтарды егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл дәріс болашақ заңгерлер үшін ерекше пайдалы болды, себебі ҚР ҚІЖК және ҚР АІЖК нормалары тәжірибеде қалай қолданылатынын көруге, қорғаушы мен өкіл үшін қажетті дағдыларды анықтауға, сондай-ақ сотта өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастырудың ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді.

 

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби ойлауын дамытады, құқықтық мәдениетін нығайтады және оларға болашақ мамандану бағытын саналы түрде таңдауға көмектеседі.

Online қабылдау