Мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері бойынша бинарлық дәріс

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын қолдану мәселелері» пәні бойынша «Мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында бинарлық лекция өткізді. Іс-шараға мұрагерлік құқық саласындағы қолданбалы аспектілер мен құқық қолдану мәселелерін талқылаған теоретиктер мен практиктер қатысты.

 

  • Джумабаева Карлыгаш Асильхановна – Құқық жоғары мектебінің директоры, қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD).
  • Амерханов Руслан Айтқалиевич – Құқық қорғау органдары академиясының 3-Институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

 

 

Модератор:

 

  • Мұратжан Зарина – 3-Институттың жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы.

        

 

Спикерлер:

 

  • Әлімов Олжас Төлегенұлы – құқық магистрі, «Құқықтық қорғау және заңгерлік қызмет көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының төрағасы.
  • Жүсіпбекова Мадина Қойшыбаевна – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.
  • Бекетова Бибінұр Ілескенқызы – Қызылорда қаласының нотариусы, Қызылорда облысы Нотариаттық палатасы төрағасының орынбасары.

        

 

Құқық жоғары мектебінен:

 

  • Беков Қайрат Әділханұлы – ҚЖМ қауымдастырылған профессоры.
  • Бекетов Айбол Нұрсұлтанұлы – ҚЖМ сениор-лекторы.

 

Іс-шара теория мен практиканың байланысын нығайтуға, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және қазіргі құқық қолдану тәжірибесіндегі мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталды.

Online қабылдау