Халықаралық ынтымақтастықты нығайту: «Тұран» университеті мен Помор Университетінің кездесуі

2025 жылғы 18 қарашада «Тұран» университетінде Польшадағы Помор Университеті делегациясымен ресми кездесуі өтті. Кездесу іскерлік және достық ахуада өтті. Помор Университетінің делегациясынан қатысқандар:

 

  • Збигнев Осадовский, доктор, профессор, Помор Университетінің Слупск қаласындағы ректоры;
  • Елизавета Окункова, насихаттау бойынша маман;
  • Аманкуль Садуакасовна Казмагамбетова, делегация өкілі, Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының басшысы.

 

Кездесу барысында тараптар қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл бағдарлама студенттерге халықаралық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

 

 

Сонымен қатар, тараптар болашақ ынтымақтастық бағыттарын қарастырды:

 

  • студенттерді, оқытушыларды және әкімшілік персоналды алмастыру;
  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жарияланымдар жасау;
  • семинарлар, шеберлік сабақтары мен конференциялар ұйымдастыру;
  • халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу.

 

Кездесу екі тараптың академиялық байланыстарды нығайтуға және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға деген ниетін айқындады.

Online қабылдау