2025 жылғы 3 қарашада 608 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» және «Зияткерлік робототехника» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне арналған “JAVA-да бағдарламалауға арналған стартер-пак: қазақстанда бағдарламашы қалай болуға болады” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс қонағы – Beeline компаниясының Java-бағдарламашысы Арсен Ұлықбеков. Спикер студенттерге бастаушы бағдарламашыларға қажетті негізгі құралдар, кітапханалар мен фреймворктер туралы айтып, корпоративтік жүйелердің құрылу принциптерін және бағдарламалау саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді түсіндірді.
Дәрістен кейін студенттер Java-бағдарламалау саласындағы кәсіби даму тақырыбына ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Олар Beeline компаниясында қолданылатын заманауи технологиялар, мансаптық өсу жолдары мен студенттерге арналған тағылымдамалар туралы сұрады. Көптеген студенттер Java тілін неден бастап үйрену керек, алғашқы кезеңде қандай қателіктерден аулақ болу қажет, портфолионы қалай қалыптастыру және практикалық тәжірибе алу үшін қандай жобаларды іске асыру тиімді екеніне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қазіргі таңда ең сұранысқа ие фреймворктер мен құралдар, ІТ-компанияларда сұхбаттасу процесі және табысты бағдарламашы болуға көмектесетін жеке қасиеттер туралы да талқыланды.
Дәрісті ұйымдастырушы – т.ғ.к. Ким Екатерина Романовна, «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.